Қорғаныш аспапты орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қорғағыш қаптаманы (6) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (6) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (6) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (6) қажет күйге бұрыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (6) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (6) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
- Қорғағыш қаптаманы (6)оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
- Қорғағыш қаптама(6) бұғаттаудан шығару иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (6) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.