Буферлік батареяларды орнату/алмастыру

Уақыт пен басқа да реттеулерді радио қабылдағышта сақтау үшін буферлік батареяларды орнату керек. Ол үшін сілтілі-марганецтік батареялар ұсынылады.

Аккумулятор қақпағының құлыптау иінтірегін (28) ашып, аккумулятор қақпағын (27) ашыңыз.

Қажет болса, аккумуляторды (26) шығарып алыңыз.

Батарея бөлімінің қақпағын (24) ашу үшін ысырманы (23) басып, қақпақты алып тастаңыз. Жеткізілім жиынтығындағы буферлік батареяларды салыңыз.

Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

Батарея бөлімінің қақпағын (24) қайтадан орнатыңыз.

"REPLACE AA BATTERY WHEN UNIT NO LONGER KEEPS CORRECT TIME": Радио қабылдағышта сағат сақталмай, индикатор әлсіз көрсетілгенде, буферлік батареяларды алмастырыңыз.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.