Сыртқы құрылғыларды электр қуатымен жабдықтау

USB жалғағышы

USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы, әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады. Максималды зарядтау тогы 2,1 А құрайды.

Құлыптау иінтірегін (8) ашып, тасығыш бөлімінің қақпағын (7) ашыңыз. Сыртқы құрылғының USB жалғағышын жарамды USB кабелі арқылы радио қабылдағыштың USB зарядтау ұяшығына (11) (USB) жалғаңыз.

Аккумулятормен жұмыс істеген кезде сыртқы құрылғыны радио қабылдағыш қосылып тұрғанда ғана зарядтауға болады.

Өлшемі сәйкес келсе, сыртқы құрылғыны зарядтау барысында сақтау бөлімінде (6) сақтауға болады. Егер сыртқы құырлғы зарядтау процесінің барысында қызып кетсе, сыртқы құрылғыны қатты қызудан қорғау үшін тасығыш бөлімінің қақпағын (7) ашық ұстаңыз.

Зарядтау процесі аяқталса немесе USB кабелі шығарылса, радио қабылдағышты ластанудан қорғау үшін қақпақты (7) қайтадан жауып қойыңыз.

Айнымалы ток қосылымы

Айнымалы ток қосылымының көмегімен қосымша сыртқы электрлік құрылғыларды пайдалануға болады. Розеткалар елге тән нормаларға сәйкес өзгеруі мүмкін.

Сыртқы құрылғыларды айнымалы ток қосылымы арқылы электр қуатымен жабдықтау аккумулятор салынғанда емес, радио қабылдағыш желіге қосылған кезде ғана жүзеге асады. Егер радио қабылдағыш ток желісіне жалғанған болса, растау үшін жасыл түсті бақылау шамы (3) жанады.

Барлық қосылған электрлік құрылғылардың максималды рұқсат етілген тұтынылатын ток қосындысы төмендегі кестеде берілген мәннен аспауы тиіс (сондай-ақ корпустағы жапқыштардың (4) астындағы жазбаны қараңыз):

Өнім нөмірі

Макс. тұтынылатын ток қосындысы (A)

‎3 601 DA4 000‎‎‎‎

15

‎3 601 DA4 100‎‎‎‎

15

‎3 601 DA4 170‎‎‎‎

12

‎3 601 DA4 1W0‎‎‎‎

15

‎3 601 DA4 130‎‎‎‎

9

‎3 601 DA4 140‎‎‎‎

9

Айнымалы ток қосылымдарының жапқышын (4) ашып, сыртқы электрлік құрылғының ашасын радио қабылдағыштың розеткасына (5) енгізіңіз.