Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
---|---|
1-класты | |
Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады. | |
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. | |
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. | |
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. | |
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз. | |
Кестеде ұсынылған айналу жиілігінің деңгейі өңделетін дайындамаға байланысты көрсетіледі: алюминий, пластмасса, ағаш. (кейбір экспорттық нұсқаларда қолжетімді емес) | |
| 45° шамасынан артық тік еңіс бұрыштарын немесе көлденең еңіс бұрыштарын аралау кезінде жылжымалы тіреуіш планкаларды сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек. |
3 601 M22 6.. 3 601 M22 640 | Аралау дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз аспап шпинделіне сай келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және тесіктерінің диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сай болуына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сай болуы тиіс. |
SDS болтының айналу бағыты ара дискісін тартуға (сағат тілінің бағытына қарсы) және ара дискісін босатуға (сағат тілінің бағытымен) көрсетеді. | |
Қыспа иінтірек жабық: Қыспа иінтірек ашық: | |
Кең профильдерді аралау үшін тарту аспабына арналған аралық ұстағыштың айналу бағыты. |