Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.

Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне (18) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (47) жатуы керек.

Реттеу (T2 суретін қараңыз)

  • Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
  • Тіреуішті (42) толығымен ішке қайырыңыз.
  • Тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
  • Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (7) қайта тартыңыз.
  • Содан кейін тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз.

Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен кейін шкаланың (4) 0° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, бұрыш индикаторларының бекіткіш бұрандаларын крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторларын 0° белгілерінің бойымен туралаңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
  • Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып тастаңыз.
  • Сол жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
  • Манипуляторды, тұтқасынан (12) ұстап, тіреуіш бұранда (66) тіректе (3) жатқанша, солға қайырыңыз.

Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне (18) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (47) жатуы керек.

Реттеу (U2 суретін қараңыз)

  • Тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
  • Тіреуіш бұранданы (66) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (7) қайтадан мықтап тартыңыз.
  • Содан кейін тіреуіш бұранданың (66) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз.

Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттеу жасалғаннан кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп шығыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
  • Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып тастаңыз.
  • Тіреуішті (42) толығымен сыртқа қайырыңыз
  • Оң жақ тіреуішті (3) 45° стандартты еңіс бұрышы көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
  • Манипуляторды тұтқасынан (12) ұстай отырып, тіреуіш бұранда (67) тіреуіште (3) жатқанша, солға қайырыңыз.

Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау үстеліне (18) қойыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (47) жатуы керек.

Реттеу (V2 суретін қараңыз)

  • Тіреуіш бұранданың (67) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм) босатыңыз.
  • Тіреуіш бұранданы (67) бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (7) қайта тартыңыз.
  • Содан кейін тіреуіш бұранданың (67) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз.

Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен кейін шкаланың (4) 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса, алдымен тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және бұрыш индикаторын тағы бір рет тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп шығыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз. Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.

Тексеріңіз (W1 суретін қараңыз)

  • Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (1) мен аралау дискісі (47) арасында аралау үстеліне (18) орнатыңыз.

Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (47) жатуы керек.

Реттеу (W2 суретін қараңыз)

  • Барлық төрт реттеу бұрандасын (68) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (37) аралау үстелін (18) шкаламен (26) бірге бұрышты калибрдің бір жағы ара дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша бұраңыз.
  • Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.

Егер бұрыш индикаторы (24) реттегеннен кейін шкаланың (26) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (69) стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен туралаңыз.