Аралау

  • Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (7) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
  • Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз.

Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.

Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз.

Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.

Айналу жиілігі реттегішінің (8) көмегімен электр құралының айналу жиілігін жұмыс істеу кезінде де бірелкі реттеуге болады.

Нұсқау: әрдайым өңделетін заттек үшін жарамды айналу жиілігін реттеңіз (төмендегі кестені қараңыз). Бұл аралау кезінде ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.

Айналу жиілігінің деңгейі

Материал

1

Алюминий

2

3

Пластик

4

5

Ағаш

6

  • Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
  • Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз.
  • Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.

  • Тарту аспабымен (36) (кең дайындамаларды) кесу үшін тартылған бекіткіш бұранданы (6) босатыңыз.
  • Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз.
  • Дайындаманы (2) және (1) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында тұрғанша (2) және (1) тіреуіш планкаларынан ары тартыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Бұғаттау иінтірегін (13) басып, манипуляторды тұтқасынан (12) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
  • Енді манипуляторды (2) және (1) тіреуіш планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.

  • Тарту қозғалысынсыз кесіктер жасау үшін (кіші дайындамалар) тартылған бекіткіш бұранданы (6) босатыңыз. Манипуляторды (2) және (1) тіреуіш планкаларына қарай тірелгенше жылжытып, бекіткіш бұранданы (6) қайтадан тартып қойыңыз.
  • Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз.
  • Дайындаманы (2) және (1) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Бұғаттау иінтірегін (13) басып, манипуляторды тұтқасынан (12) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
  • Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.