Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

1-класты
тұтынушы лазер өнімі

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.

Кестеде ұсынылған айналу жиілігінің деңгейі өңделетін дайындамаға байланысты көрсетіледі: алюминий, пластмасса, ағаш.

 

Тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде реттелмелі тіреуіш планкаларды сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.

‎ ‎3 601 M19 2..‎

‎ ‎3 601 M19 2B.‎

Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс.

SDS болтының айналу бағыты ара дискісін тартуға (сағат тілінің бағытына қарсы) және ара дискісін босатуға (сағат тілінің бағытымен) көрсетеді.

Қыспа иінтірек жабық:
Манипулятордың реттелген тік еңіс бұрышы сақталады.

Қыспа иінтірек ашық:
Тік еңіс бұрыштарын реттеуге болады.