Аралау

  • Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (41) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
  • Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз.

Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.

Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз.

Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.

Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.

Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.

Айналу жиілігі реттегішінің (38) көмегімен электр құралының айналу жиілігін жұмыс істеу кезінде де бірелкі реттеуге болады.

Нұсқау: әрдайым өңделетін заттек үшін жарамды айналу жиілігін реттеңіз (төмендегі кестені қараңыз). Бұл аралау кезінде ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.

Айналымдар саны деңгейі

Айналымдар саны

Материал

1

3500 мин-1

алюминий

2

3800 мин-1

3

4100 мин-1

Пластиктер

4

4400 мин-1

5

4700 мин-1

Ағаш

6

5300 мин-1

  • Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
  • Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз.
  • Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.

  • Тарту аспабының (1) көмегімен (ені үлкен дайындамалар) кесу үшін реттегіш бұранда (33) тарту аспабын қысып тұрса, оны босатыңыз.
  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
  • Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында тұрғанша, (15) және тіреуіш планкаларынан ары тартыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Манипуляторды тұтқамен (9) баяу төмен қарай баяу бағыттаңыз.
  • Енді манипуляторды (15) және тіреуіш планкалары бағытымен басып, дайындаманы бірқалыпты қозғалыспен аралаңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.

  • Тарту әрекетінсіз кесіктер жасау үшін (шағын дайындамалар) бекіткіш бұранданы (33) ол тарту аспабын (1) қысып қалған жағдайда босатыңыз. Манипуляторды (15) тіреуіш планкаларға қарай тірелгенше жылжытып, тарту аспабын бұғаттау үшін реттегіш бұранданы (33) қайтадан тартыңыз.
  • Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
  • Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
  • Электр құралын қосыңыз.
  • Манипуляторды тұтқамен (9) төмен қарай баяу бағыттаңыз.
  • Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
  • Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.