Пайдалануға ендіру

  • Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау тетігін (7) ортаға жылжытып, содан кейін ажыратқышты (8) басып тұрыңыз.

Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

  • Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз.

Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.