Қатты немесе икемді орнату

  • Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен жұмыс аймағына бекітіңіз. Ол үшін саңылаулар (26) пайдаланылады.

немесе

  • Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.

Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.

  • Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
  • Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін мінсіз құру маңызды болып қалады.
  • Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне орнатыңыз.

Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде құлаудан сақтағышты орнату керек.

  • Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималдық горизонтальды және/немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін.
  • Құлаудан сақтауды (23) электр құрал жұмыс аймағында тура тұрғанша бұраңыз.